«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 66-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 5 ақпандағы № 22-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 66-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35975 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарт негізінде тарифті айқындау тәртібі;»;
37) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«37) қарыз капиталы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру немесе реконструкциялау үшін қарыздар (кредиттер алу, облигациялар шығару және сату, ақшалай міндеттемелердің басқа да түрлері бойынша қаражат алу) есебінен пайда болған капитал;»;
53) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«53) меншікті қаражат - мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру немесе реконструкциялау үшін пайдаланылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің ақшалай қаражаты (акционерлік (жарғылық) капитал, бөлінбеген пайдасы (таза кірісі) немесе амортизациялық аударымдары);»;
мынадай мазмұндағы 74-1) тармақшамен толықтырылсын:
«74-1) суды үнемдеу технологиясы - су шығыстарының үлестік нормаларын төмендету, су үнемдеу үшін нақты шара ретінде өзінің практикалық жарамдылығын дәлелдеген, су қорын қорғау және пайдалану саласында қолданылатын техникалық құрылғылар, аспаптар, аппараттар, құрылысжайлар;»;
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарт негізінде тарифті айқындау.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарт бекітілген инвестициялық бағдарлама негізінде тарифті айқындау осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: